Әдеби календарь



Қызылорда облысының 2014 жылы аталып өтілетін және еске алынатын  күндер                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  ТІЗБЕГІ
1 қаңтар  -      Қазақстан және КСРО халық әртісі Сәбира Майқанованың
                  туғанына 100 жыл (1914-1995)
1 қаңтар  -      Журналист Серік Пірназар 60 жаста (1954)
5 қаңтар –      Жазушы Жақсылық Түменбаевтың туғанына 70 жыл (1944-1993
15 ақпан  -      Көрнекті қоғам қайраткері Иса Тоқтыбаевтың туғанына 120 жыл
                         (1894 –1967)
25 ақпан   -      Балалар ақыны Рахат Наурызбаева 70 жаста (1944)
8 наурыз -        Суретші Мұратбай Үмбетов 70 жаста (1944)
18 наурыз  -     Қоғам қайраткері   Елеу Көшербаевтың туғанына  85 жыл (1929-1993)
30 наурыз   -   Социалистік Еңбек Ері Жадыра Таспамбетованың туғанына 60 жыл
                        (1954-2010)
2 мамыр    -     Ақын Рустем Жанаевтың туғанына  70 жыл (1944 – 2009)
15 мамыр   -    Ақын Мешітбай Құттықовтың туғанына  80 жыл (1934-2001)
15  мамыр   -   Қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманов 75 жаста (1939)
23 мамыр   -    Сазгер Рамазан Тайманов 60 жаста (1954)
25 мамыр   -    Ұлы Отан соғысының батыры Ерденбек Ниетқалиевтің  туғанына 
                         100 жыл (1914 – 1945)
24 маусым   -  Жазушы Ахат Жанаевтың туғанына 80 жыл (1934)
28 маусым   -   Ақын Мәлік Аяповтың туғанына 70жыл (1944-2004)
1 шілде    -       Жазушы, қоғам қайраткері Жүсіпбек Арыстановтың  туғанына 110 жыл  
                         (1904-1982)
1шілде         -   «Сыр бойы» газетіне 85 жыл (1929)
2 шілде   -        «Ақмешіт апталығы» газетіне 20 жыл (1994)
2 тамыз       -    Әнші Мәдина Ерәлиеваның туғанына 60 жыл (1954-2000)
13 тамыз      -   Журналист Хан Евгений Харитоновичтің туғанына 80 жыл (1934-2002)
15 қыркүйек  - Ақын Әли Есмәмбетовтің туғаныны 100 жыл (1914–1942)
18  қазан        -  Мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Қабыловтың
                 туғанына  110 жыл (1904 – 1937)
22 қазан  -         Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 90 жаста (1924)
15 желтоқсан  -  Халық әртісі Шолпан Бәкірованың туғанына 90 жыл (1924-2002)
17 желтоқсан -  Жазушы-журналист Айжарық Сәдібекұлы 75 жаста (1939)
25 желтоқсан -  Мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына 125 жыл (1889-1941)
Айы мен күні белгісіз даталар
-    Батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлының туғанына 240 жыл (1774-1860)
-   Ақын Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлының туғанына 170 жыл (1844 – 1916)
-   Күйші – композитор Мырза Тоқтаболатұлының туғанына 170 жыл (1844-1931)
-   Күйші-композитор Қазанғап Тілепбергенұлының туғанына 160 жыл (1854-1921)
-   Қоғам қайраткері Әбу Құдабаевтың туғанына 115 жыл (1899-1937)
-   Майдангер ақын Бейсенбай Қасқырбаевтың туғанына 110 жыл (1904-1958)
-   Кеңес Одағының Батыры Мақаш Балмағанбетовтың туғанына 100 жыл (1914–1977)
-   Ақын Жүніс Жұмабаевтың туғанына 100 жыл (1914-1971)
-   Әнші, ақын, жыршы Әбділдә  Жүргенбаевтың туғанына 100 жыл (1914-1986)
-   Журналист Орман Нұрхабаевтың туғанына 100 жыл (1914-1998)
-  Социалистік Еңбек Ері Қалжан Оразалиеваның  туғанына 90 жыл (1924-1995)
-   Жазушы Саид Баязитовтың туғанына 85 жыл (1929-1981)
-  «Қазыналы Қазалы» газетіне 80 жыл (1934)
-  Социалистік Еңбек Ері Әбуша Дінісламовтың туғанына 80 жыл (1934-1997)
-   Қызылорда облыстық мұражайына 75 жыл (1939)
-   Барсакелмес қорығының ашылғанына 75 жыл (1939)
-   Мұғалімдердің білімін жетілдіру институтына 70 жыл (1944)

1 қаңтар                                                                   Қазақстанның және КСРО халық әртісі
                                                                                         Сәбира Майқанованың туғанына
                                                                                                                 100 жыл  (1914-1995)


   Майқанова Сәбира 1914 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы Сырдария ауданында туған. 1958 жылы Қазақстанның, 1970 жылы КСРО-ның халық артисі. 1932 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты. Театр сахнасындағы тұңғыш ролі – Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай болды. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады. Роза (Д.Рахманқұлов «Документ»), Золотова (В.М.Киршон «Астық»), Рая (М.Әуезов «Алма бақ»), Гүлжамила (М.Әуезов, Ә.Тәжібаев «Ақ қайың»), Любовь Яровая (К.А.Тренов осы аттас пьеса), Әлжан (Әуезовтің «Абай» романы бойынша), Зейнеп (С.Мұқанов «Шоқан Уәлиханов), Мақпал (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Толғанай (Ш.Айтматов, «Ана-Жер-ана»1967 жылы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығына ие болған), Кесария (О.Ш. Иоселиани, «Арбаң аман болсын), Тхан (И.П.Куприянов «Вьетнам жұлдызы) сияқты аяулы аналар образын мүсіндеп, сахна суреткері ретінде танылды. Актерлік өнері қызуқандылығымен, қарапайымдылығымен әрі тұрмыстық бояуының қанықтылығымен ерекшеленеді. Мәскеудегі Қазақ әдебиеті мен өнерінің  онкүндігіне қатысқан.
    Актриса классикалық туындылар бойынша Ж.Б.Фрозина (Мольер «Сараң»), Мария Антоновна (Н.В.Гоголь «Ревизор»), Кабаниха мен Галчиха (А.Н.Островский  «Найзағай» мен «Жазықсыз жапа шеккендер»), Марина (А.П.Чехов «Сүйікті менің ағатайым»), Көклән мен Мөржан, Мамық (Б.Майлин «Майдан», М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобланды» мен «Қарагөз») т.б. ролдерін ойнады. Жазушы Д.Исабеков Сәбира Майқановаға арнап «Мұрагер» драмасын жазады,  1983 жылы осы қойылымда актриса басты рөл - Салиқаны ойнайды. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. Актриса 1995 жылы Алматы қаласында дүние салды. Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі Мәдениет үйі Сәбира Майқанованың есімімен аталады.

Әдебиеттер:
  «Ана – Жер – ана» : Актриса  шеберлігі  туралы  //Қазақ театрының тарихы.- Алматы: Ғылым,1973.- 2-том.-360 б.
  Белесті белім - «Ана-Жер-ана»: С.Майқанова туралы  //Римова Б. Еңлікгүлім.-Алматы: Өнер,1987.-42-43 б.
  Көкенов М. Өнер өріндегі өрен: Өлең //Көкенов М. Бақыт құсы.-Астана, 2009.-41-42 б.
  Майқанова Сәбира //Қазақстан.Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. – Т.6. – 314б.
  Майқанова Сәбира  //Сыр елі.Қызылорда облысы: Энциклопедия / Құраст. Б.Аяған.- Алматы,2005.-353-354 б.
  Майқанова Сәбира  //Сыр өңірінің мәдениеті: Тарихи-анықтамалық басылым.-Алматы, 2009.-169 б.
  Майқанова Сәбира: Өмірбаяны  //Қазақ мәдениеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005.-428 б.
  Майқанова Сәбира: Өмірбаяны  //Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре / Құраст. Т.Дайрабай.-Алматы: Арыс,2009.-154 б.
  Сәбира Майқанова   //Сырдария / Б.Кәрібозүлы, А.Әбілов, Н.Мыңжасов, С.Тайман, Ғ.Тұяқбаев.- Алматы: Фолиант, 2011.-263 б., суретті.- (Менің Отаным-Қазақстан).
 

Сәбира Майқанова (1914-1995)   //Қазақ сахнасының шеберлері.- Алматы: Таңбалы, 2010.-144-147 б.
  Сәбира Майқанова //Тарихи тұлғалар: Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған / Құраст. Б.Тоғысбайұлы, А.Сужикова. – Алматы, 2005.-284-285 б., суретті.
  Сығай Ә. Сәбира Майқанова: Актрисаның сомдаған рольдерi жайлы  //Сығай Ә. Актер әлемі. – Алматы: Ан Арыс, 2008.- 1-том.-57-63 б. – (Наркескен) 
       Сығай Ә. Сәбира Майқанова. – Алматы: Қазақстан, 2007.-224 б., суретті.-  (Ғибратты ғұмыр)      
  Ана аманатын арқалаған актриса: Актриса С.Майқанова туралы естелік / Дайын. Г.Бектас  //Түркістан.-2013.-25 шілде(№29).-11 б.
       Ахмет А. "Мұрагерлер" мұрагерлiк иесiне жол тартса...: "Театр көктемi - 2010" фестивалi КСРО Халық әртiсi С.Майқанованың рухына арналды және Д.Исабековтың "Мұрагерлер" спектаклi жайында // Мәдениет.- 2010. - № 4. - 20-23 б.
  Әбдірашитова Г. Анам балаларының да, немерелерінің де өнерге келуіне қарсы болды / Дайынд.Ә.Құдайбергенов  //Жұлдыздар отбасы.-2012.-№10.-38-39 б.
  Әбединова С. Театр мерекесi осылай басталды... : Сәбира Майқановаға арналған "Театр көктемi" фестивалi //Айқын.- 2010.- 26 наурыз (№ 50).- 5 б.
       Әшiмахұн А. "Қазақ актрисаларының Қаллекиi": С.Майқанованың туғанына 90 жыл
// Жас Алаш.- 2004.- 24 қаңтар (N10).- 7 б.
  Әшімов А. Сәкең – үлкен комик, ұлы трагик актриса  //Жұлдыздар отбасы.-2012.-№10.-38-39 б.
  Бағдәулетқызы Ә. Майқанованың "Мұрагерлерi" бар екен // Алматы ақшамы.- 2010. - 1 сәуiр (№ 39). - 31 б.
  Бадыров Қ. Сахнада сыңарым едi: [Көрнектi актриса, КСРО және Қазақстан Респ. халық әртiсi С.Майқанованың қазасына көңiл бiлдiру] //Егемен Қазақстан.- 1995. -17 ақпан
  Болатхан Б. Әр ролi - бiр ғұмыр: [Қазақстан Респ. халық арт. С.Майқанова - 80 жаста]
// Парасат.- 1994. - N 1.- 3 б.
  Жалғасбаев Е. Театр тұлғалысын ұлықтады: КСРО халық артисi С.Майқанованы еске алу кешi // Сыр бойы.- 2010.- 19 қараша.- 4 б.
  Жанғалиева Б. Абыз ана, ардағым: Сәбира Майқанова туралы толғаныс //Парасат.- 2005. - N10. - 24-25 б.
  Исабеков Д.  Әлi талай жоқтармыз...: [Көрнектi актриса, КСРО және Қазақстан Респ. халық әртiсi С.Майқанованың қазасына көңiл бiлдiру] // Егемен Қазақстан.- 1995. -17 ақпан
   Исабеков Д. Ол сахнада өмiр сүретiн //Мәдениет.- 2007. - N 3.- 14-16 б.
   Исабеков Д. Сәбира апай ұлылардың соңғы сарқыты еді...//Жұлдыздар отбасы.-2012.-№10.-37 б.
   Қазақ өнерінің ғажап саңлағы: С.Майқанова //Әлімсақ.-2013.-№2.-12-13 б.
   Қазақ сахнасының анасы: С.Майқанова-80 //Егемен Қазақстан.-1994.-22 ақпан.
   Лаханұлы Н. Сахна саңлағы: КСРО халық әртiсi С.Майқанованың өз қолымен жазған, өмiрбаяндық қолжазбасы жайлы //Заң газетi.- 2009.- 30 қазан (№ 166).- 8 б.
   Майқанова С. Алып тұлға...: актриса Сәбира Майқанованың «Ғибратты ғұмыр» еңбегінен үзінді  //Театр. kz.-2013.-№6.-80-83 б.
  Майқанова С. Бүкіл сәби шағым нан сұраумен өтті //Жұлдыздар отбасы.-2012.-№10.-34-35 б.
  Мышбаева Н. Ол кісіден күйеуден көрмеген «көресімді» көретінмін  //Жұлдыздар отбасы.-2012.-№10.-36-37 б.
  Нұржанов Б. Сахнаның пірі еді  //Тіршілік тынысы.-2008.-13 ақпан.



Нұржанов Б. Сахнаның сары алтыны: КСРО мен Қазақстанның халық әртiсi, мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты С.Майқанова туралы // Қазақстан мұғалiмi.- 2004.- 17 қыркүйек (N23-24).- 9 б.
       Нұржанов Б. Сахнаның сары алтыны  //Халық.-2004.-25 наурыз; Сыр ардагері.-2010.-11 тамыз; Әлімсақ.-2013.-№2.-14-17 б.
  Нұржанов Б. Сахнаның сары алтыны // Мәдениет.- 2012. - № 4. - 16-19 б.
  Нуржанов Б. Сахнаның сәнi едi: КСРО және Қазақстан халық әртiсi, Мем. сыйлықтың лауреаты Сәбира Майқанова туралы // Сыр бойы.- 2004.- 28 ақпан.- 6 б.
  Обаев Е. "Ұлы тұлғалы актрисалар" // Қазақ әдебиетi.- 2010.- 5-11 ақпан (№ 5).- 2 б.
  Обаев Е.Н. Сахнаның сәулетi: [Көрнектi актриса, КСРО және Қазақстан Республикасы халық артисi С.Майқанованың қазасына көңiл бiлдiру] // Егемен Қазақстан.- 1995. -17 ақпан
  Өтеулiұлы Ө. Сәбира Майқанова тұрған үйге ескерткiш тақта орнатылды //Алматы ақшамы.- 2010. - 1 сәуiр (№39). - 30 б.
  Римова Б. "Самородок сары алтын...": [Халық артисi С.Майқановаға сырласу хат]
//Қазақ әдебиетi.- 1994. - 4 ақпан (N5). - 15 б.
  Сәбира Майқанова: Көрнектi актриса, КСРО және Қазақстан Респ. халық әртiсi. Қазанама // Егемен Қазақстан.- 1995. -17 ақпан
  Сәрсенбай Қ. Мәңгiлiк мәнер: Сахна саңлағы Сәбира Майқанова - 80 жаста //Халық кеңесi.- 1994. - 9 шiлде
  Сұлтанова Ж. Алматыда «Театр көктемі» фестивалі басталды: актриса С.Майқанованың  рухына арналған  //Сыр бойы.-2010.-27 наурыз.
  Сығай Ә. Комедиясында залдың ішегі түйіліп қалатын //Жұлдыздар отбасы.-2012.-№10.-36 б.
  Сығаев Ә. Мәңгi  өлмес өнер иесi: [Сахна шеберi Сәбира Майқанова туралы толғаныс]
// Қазақ әдебиетi.- 1998. - 24 ақпан (N8). - 12-13 б.
  Сығай Ә. Өткелдер. Өткендер: Әртiс С.Майқанованың өзi туралы қолжазбасынан үзiндi //Парасат.- 2007. - N 9.- 6-10 б.; N 10. -3-5,9 б..
  Тасбөгет кентіндегі мөлтек аудандар және көшелерін атау туралы.: Майқанова атындағы Мәдениет үйі  //Ақмешіт ақшамы.-2011.-12 қазан.-9 б.
 Ташимова М. "Менiң әжем сияқты..." : С.Майқанованың комедиялық қойылымдардағы рольдерi //Парасат.- 2010. - № 6.- 22-23 б..
 Төлеуов Р. Қазақтың Толғанайы //Мәдениет.- 2009. - № 2.- 20-22 б.
      Шарипова Ф. Алып актриса: Сәбира Майқанованың туғанына 80 жыл //Театр.kz.- 2013. - № 1. - 47 б.
 Шаухаманов С. Алаштың анасы: [Көрнектi актриса, КСРО және Қазақстан Респ. халық әртiсi С.Майқанованың қазасына көңiл бiлдiру] //Егемен Қазақстан.- 1995. -17 ақпан



1 қаңтар                                                                                          Журналист Серік Пірназар
 60 жаста  (1954)

       Пірназар Серік Қожамқұлұлы 1954 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Ворошилов ауылында туған. 1979 жылы ҚазМУ-ды, 1990 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1979-1980 жылдары Жамбыл облысы, Красногор ауданындағы «Коммунизм жолы-Путь к коммунизму» газетінің бөлім меңгерушісі, 1982-1984 жылдарда Шиелі ауданының «Өскен өңір» газетінің жауапты хатшысы, 1985-1988 жылдары редактордың орынбасары, 1990-1991 жылдары Қызылорда облыстық партия комитеті идеология бөлімінің нұсқаушысы, 1991-1996 жылы облыстық «Ленин жолы»  («Сыр бойы») газетінде бас редактордың орынбасары,1-орынбасары, 1996-1998 жылдары облыстық  



телерадиокомпанияның төрағасы, 1998-2000 жылдарда облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2000 жылдан «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі. «Көлеңке» атты пародия жинағы, «Буревестник» пен «Қайрат» атты кітабы жарық көрген. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Әдебиеттер: 
  Пірназар С. «Буревестник» пен «Қайрат». - Астана: Жарыс,2012.-28 б.- (Спорт саңлақтары)
  Пірназар С. Білгенге білік...; Фамилиясы ісіне сай келмеген; «Центр» мен кемпір; Нағашыға наз: Ауылдың айтқыштары  //Егемен Қазақстан. - 2009.-28 қазан.-5 б.
   Пірназаров С. Жауқазын жырлар мектебім; Көңілімнің күмбезі; Өзім туралы: Өлеңдер //Өскен өңір.-1971.-13 июль
   Пірназар С. Көктем: Өлең  //Өскен өңір.-1971.-8 июнь
   Пірназар С. Мысыр мәмүліктері қай тілде сөйлеген?: Тарихи таным  //Сыр бойы.-2008.-27 қыркүйек
   Пірназаров С. Туған жер: Өлең  //Өскен өңір.-1972.-19 октябрь 
   Пірназар Серік  //Сыр елі.Қызылорда облысы: Энциклопедия /Бас ред. Б.Ғ.Аяған.-Алматы, 2008.-424 б.
  Серік Пірназар: Өмірбаяны, өлеңдері //Жүректегі жауһарлар: Сыр бойы ақын-жазушылары шығармаларының жинағы.-Қызылорда: Алтын Орда, 2001.-303-307 б.
  Кіребайұлы А. Журналист. Ақын. Зерттеуші: Серік Пірназарға арналған  //Сыр бойы.-2004. - 31 қаңтар.- 4 б.
  Қазақстан Журналистер Одағының наградалары: «Сыр бойы» газ. бас ред. С.Пірназар //Егемен Қазақстан. – 2009. – 26 маусым (№218-220). – 6 б.
  Оспан С. Пародия "партизаны": "Сыр бойы" газетiнiң бас редакторы Серiк Пiрназардың зерттеулерi жайында //Ана тiлi.- 2010.- 1-7 сәуiр (№ 13).- 10 б.  
                                                            

5 қаңтар                                                                         Жазушы Жақсылық  Түменбаевтың                                                                                                                                                 
                                                                                                      туғанына 70 жыл  (1944-1993)

       1944 жылы 5 қаңтарда Қызылорда облысының Арал ауданындағы Сазды ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін, «Арал» совхозында шопанның көмекшісі болып жұмыс істеді. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1968–1975 жж. Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінің қызметкері, 1975 жылдан бастап Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы ақпарат агенттігінде бас редактордың орынбасары, республикалық «Денсаулық» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.
        Алғашқы шығармалары «Жалын» альманахында, «Жұлдыз» журналында, республикалық, облыстық баспасөзде 1968 жылдан жариялана бастады. Оның «Қардағы іздер» (1977), «Қимас қазына» (1979), «Мен сүйген қыз» (1981), «Тас бөгет» (1984), «Махаббат қорығы» (1990), «Ақырғы демім біткенше» (1993) атты повестері мен әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Жастарға арналған көркем шығармалардың республикалық жабық конкурсында бір рет екінші, бір рет үшінші бәйге алды. А.Лихановтың «Шырғалаң» деген романын, басқа да авторлардың повесть, әңгімелерін аударды.
 

Комментариев нет:

Отправить комментарий